Жаңа Қазақстанды құруға халықтың өзі қатысуы керек – депутат

7 Шілде 2022, 18:02
919
Бөлісу:
Жаңа Қазақстанды құруға халықтың өзі қатысуы керек – депутат
PHOTO
Фото: автордан

Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің депутаттары Мейрамбек Төлепберген мен Гүлдара Нұрымова Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, Жамбыл ауданындағы Қаракемер ауылында құрылысы аяқталуға жақын дәрігерлік амбулаторияға аялдады.

Амбулаториядағы мәселенің мән-жайына үңілген депутаттар мердігер «ҚазМұнайҚұрылыс» жауапкершілігі серіктестігінің басшылық құрамымен және жұмысшылармен жүздесті. Кейін, құрылыс басында проблемалық мәселелерді талқылады.

Кездесуде халық қалаулылары серіктестік басшылығын амбулатория құрылысын заман талабына сай тұрғызып, заманауи құралдарымен жабдықтауға барынша назар аудару маңызды екенін ескертті. Себебі ақ халаттылардың тұрғындарға жылдам әрі сапалы қызмет көрсетуіне мемлекет тарапынан қажетінше қаржы бөлінуде. Сондықтан жоспарлы жұмыстарға жүрдім-бардым қарауға негіз жоқ. Мәжіліс депутаттары да осы мәселені қаузады.

Жаңа Қазақстанды құруға халықтың өзі қатысуы керек – депутат

Жаңа Қазақстанды құруға халықтың өзі қатысуы керек. Оған сәйкес есеп Үкіметтің назарында болуы тиіс. Уәде құр сөз болмай, өз нәтижесін көрсетуі қажет. Өз кезегімізде, біз де кемшілік болатын болса, оны жасырмау керектігін жеткізудеміз. Әлбетте, кемшілік жоқ емес, бар. Оны құр сөзбен айта бермей, оңды шешуіге ықпалдасқанымыз ләзім. Сонымен қатар олқылықтардың нақты орындалуын қадағалау аса маңызды. Сондықтан біз бүгін Қаракемер ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен таныстық. Бұл әлеуметтік нысан AMANAT партиясының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі  Жол картасы аясында  бой көтеріп жатқанын айта кеткен жөн, – деді Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген.

Еске салсақ, нысан құрылысы былтыр 19 қазанда басталса, енді жоспарға сай осы айдың соңында су жаңа амбулатория пайдалануға берілмек. Дәрігерлік амбулаторияда күндізгі және процедуралық бөлімдер жұмыс істейтін болады. Бүгінде 1600-ден астам халқы бар ауылда 1 дәрігер мен 4 орта білімі бар маман қызмет етсе, қосымша 0,5 бірлікпен дәрігер алу да жоспарланыпты.

Жаңа Қазақстанды құруға халықтың өзі қатысуы керек – депутат

Ал Жамбыл ауданы әкімдігі дәрігерлік амбулаторияның ескі ғимаратын тұрғын үй ретінде қайта пайдалануға бермек ниетте. Демек, келешекте ауылға медицина саласы бойынша келетін маман тұрғын үйден ешқандай таршылық көрмейді деген сөз.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өңір, аудан әкімдерімен қатар, депутаттар да халықпен ұдайы кездесіп, талап-тілектеріне құлақ түруде. Президент биылғы Жолдауында «Халықтың билікке деген сенімі оның нақты іс-әрекетіне қарай артады. Ел ішін жиі аралап, жағдайларын көзбен көру керек» деген-ді.

Өзгелердің жаңалығы