«Жаңа Қазақстан» жастармен бірге. Алматыда жастарға арналған мерекелік акция өтеді

16 Наурыз 2022, 20:04
2844
Бөлісу:
«Жаңа Қазақстан» жастармен бірге. Алматыда жастарға арналған мерекелік акция өтеді
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда кәсіпкерлер, жастар ұйымдары мен шығармашылық ортаның бастамасымен 18 наурызда мерекелік акция өтеді. Бастамашыл топ бүгін баспасөз жиынын өткізіп, алталған акцияның мәні жайлы айтып берді.

Мұндай бастаманы алғашқы болып кәсіпкер, меценат Сырымбек Тау көтеріп, әлеуметітк желіде пост жасған. Кейін оны жастармен жұмыс істейтін, елдің болашағына немқұрайлы қарамайтын жандар қолдап әкеткен.

Әлемде көптеген қиыншылықтар болып жатыр. Кейбір мемлекеттерде соғыс жүріп жатса, тағы бірінде экономикалық дағдарыс орын алуда. Осыған орай біз жастары еліміздің өркендеуі үшін, Жаңа Қазақстанды қалай құра аламыз деген мәселе бойынша ұсыныс жасаған едік. Бұл бастаманы жастар ұйымдары мен бірнеше бизнес өкілдері қолдады. Біз мерекелік шеру мен акциялар өткізсек дейміз. Пандемия басталғалы үйде отырып қалдық, тіптен қалай қуану қажеттігін де ұмытық. Енді бас қосып, жастарды береке, бірлікке шақырсақ дейміз,-деді С. Тау.

Кәсіпкер сонымен қатар Президенттің «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық» деген ұранын қолдайтынын жеткізді.

Әрине бұл бастаманы қуана қолдаймыз. Жастар болып елді бірлікке, берекеге шақыратын акциялар өткізу ұсынысымызды қаланың көптеген оқу орындарындағы жастар қолдап отыр. Бұл акция наурыздың 18 күні өтеді. Бастамамды бір күнде 100 мыңға тарта адам көріп, оның 500-ге жуығы қолдау білдірді,-деді ол.

Қаладағы «Алматы Арена» спорт кешені де бұл бастамаға қолдау білдіріп, концерттік шара өткізуге ғимараттарын тегін беруге келісіпті.

G-38 студенттер қозғалысының негізін қалаушы Айсұлу Ерниязова бұл акция жайлы әлеуметтік желіден оқып, оны қуана қолдағанын айтады.

Қаладағы онға жуық университеттің студентері де бұл акцияға қолдау көрсетті. Өйткені пандемия көпшілігімізге теріс әсер еткені белгілі, мұндай көңілді шаралар әсіресе  жастар үшін қажет. Қазіргі 3-ші курста оқып жүргендердің студенттік өмірі пандемия басталған кезде, яғни 1 курстың бірінші семестірінен кейін тоқтап қалды. Ал, 1-2 курста оқитындар тіптен студенттік өмірді сезінген жоқ. Сондықтан қазір қаладағы студенттердің басын қосатын мұндай шараларға деген сұраныс өте жоғары. Жоғары буын әрі бизнес қауымдастық осындай шараны өткізуді қолға алғандықтан оны студенттер қуана қарсы алып отыр,-деді ол.

 

Өзгелердің жаңалығы