«Жаңа Қазақстан». Депутаттық топтан алғашқы нәтижені қашан күтеміз?

10 Ақпан 2022, 13:07
1523
Бөлісу:
«Жаңа Қазақстан». Депутаттық топтан алғашқы нәтижені қашан күтеміз?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық баспасөз клубында өткен баспасөз мәслихаты барысында Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева айтты. Сондай-ақ ол жұмыс тобының жоспарымен бөлісті.

Негізгі жоспар бойынша біз алдағы жұмада аймақтарға іссапарға шығайын деп отырмыз. Топтың құрған арнайы жоспары бар. Он күндік сапарымызды елдің өңірлерін аралап, халықпен кездесу өткізуге арнаймыз. «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының шеңберінде мәселелер көтеріп, проблемаларды Үкіметпен шұғыл түрде бірлесіп шешеміз, - деп атап өтті мәжілісмен. 

Сондай-ақ ол қанша уақыттан кейін депутаттық топтан нәтиже күтуге болатынын алға тартты. 

Менің ойымша, 10 күннен кейін белгілі бір нәтижелер шығады деген сенімдемін, - деді Наталья Дементьева. 

Еске сала кетейік, бұған  дейін Мәжіліс депутаты Айдос Сарым «Жаңа Қазақстан» тобына қанша депутат мүше екендігі туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы