Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жаңа платформа: Қазақстанда ресми түрде IEEE Kazakhstan Section құрылды

Бүгiн, 19:49
127
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазақстанда инженерия және жоғары технологиялар саласындағы әлемдегі ең ірі кәсіби ұйым – Электротехника және электроника инженерлері институтының (IEEE) өңірлік бөлімшесі – IEEE Kazakhstan Section құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ұлттық секцияның ашылуы – Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдерінің ғылыми-технологиялық әлеуетін нығайту жолындағы маңызды қадам.

Бұл бастаманың жүзеге асуына Astana IT University және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті елеулі үлес қосты. Аталған университеттер IEEE қызметін дамытуға арналған негізгі алаңдардың бірі ретінде танылып отыр.

IEEE Kazakhstan Section қазақстандық инженерлер мен зерттеушілерге IEEE-дің жаһандық сараптамасына, халықаралық кәсіби қауымдастықтарға және озық технологиялық тәжірибелерге тікелей жол ашады. Біздің мақсатымыз – инженерлік таланттарды дамытуға, ғылыми ынтымақтастық пен инновацияларға негізделген тұрақты платформа қалыптастыру. Бұл экожүйенің негізгі қозғаушы күштерінің бірі Astana IT University болмақ, – деді IEEE Kazakhstan Section төрағасы, Astana IT University профессоры Еділхан Дидар.

Жаңа секция электротехника және электроника, ақпараттық технологиялар мен компьютерлік ғылымдар, жасанды интеллект және деректерді талдау, телекоммуникация және киберқауіпсіздік, робототехника және сабақтас инженерлік салалар сияқты негізгі бағыттардағы мамандарды біріктіреді. IEEE Kazakhstan Section кәсіби ортаны дамытуға, ғылыми зерттеулерді қолдауға, халықаралық конференциялар мен семинарлар өткізуге, білім беру бағдарламаларын ұйымдастыруға және қазақстандық ғалымдарды IEEE жаһандық бастамаларына тартуға ықпал етеді.

Секция қызметінде IEEE International Conference on Smart Information Systems and Technologies (IEEE SIST) халықаралық конференциясы айрықша орын алады. Бұл форум жылсайын Astana IT University базасында өткізіледі.

Университетіміз бесжылдан астам уақыт бойы IEEE SIST конференциясының ұйымдастырушысы ретінде қызмет атқарып келеді. Бұл алаңда ғалымдар, инноваторлар мениндустрия мамандары жасанды интеллект, интеллектуалды жүйелер, үлкен деректерді өңдеу және цифрлық сервистер саласындағы қолданбалы шешімдерді талқылайды. Конференция бағдарламасы зерттеу нәтижелерінің таныстырылымдарын, техникалық сессияларды, шеберлік сабақтарын және өндіріс серіктестерімен кездесулерді қамтиды. IEEE Kazakhstan Section-ның құрылуы қатысушыларға бірлескен зерттеулер жүргізуге және IEEE халықаралық жұмыс топтарына қосылуға жаңа мүмкіндіктер береді, – Astana IT University ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Андрей Белощицкий.

IEEE бүгінде әлемнің 190-нан астам елінде 500 мыңнан асамаманды біріктіреді. Қазақстанда ресми секцияның ашылуы елдің жаһандық ғылыми-технологиялық кеңістіктегі рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді және Astana IT University-дің инженерлік білім мен цифрлық инновациялардың жетекші орталығы ретіндегі мәртебесін нығайта түседі.

Өзгелердің жаңалығы