Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясының пленарлық сессиясында айтты.
Министр балабақша тәрбиешілерінің біліктілікті арттыру курстары қаралып жатқанын айтты.Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі әзірленді. Жаңа модельді енгізу жаңа оқу жылынан басталады. Тиісті Үкімет қаулысы да қабылданды. Бұл үшін ойын арқылы оқыту қағидаты негізінде мемлекеттік стандарт әзірленіп, үлгілік оқу бағдарламалары қайта қаралып жатыр. Балаларды ерте дамыту институтын құру бойынша жұмыстар жүргізіліп, қыркүйек айында тәуелсіз ұлттық бағалау жүйесі енгізіледі, - деді Аймағамбетов.
Олардың қолжетімділігі артады. Цифрлық форматта өтетін курстар да ұйымдастырылады. Балабақша тәрбиешілері үшін арнайы цифрлық әдістемелік құрал енгізу қолға алынады. Жеке меншік балабақшаларды да дамытуды қолға алу керек. Бүгінгі күні ауқымды жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру мен қаржыландыру жүйесін де қайта қарау керек, - деді министр.