Жаңа оқу жылы: Қандай санитарлық талаптар сақталады?

24 Тамыз 2021, 12:24
8805
Бөлісу:
Жаңа оқу жылы: Қандай санитарлық талаптар сақталады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте БҚО Білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева жаңа 2021-2022 оқу жылына дайындық барысы туралы айтып берді.

Ол білім беру ұйымдарының жаңа 2021-2022 оқу жылының басталуына дайындығы мен негізгі мәселелері бойынша ақпарат берді.

Білім беру ұйымдарында оқушылар мен педагогтардың қауіпсіздік шараларын сақтауын ескере отырып, жаңа оқу жылында оқытудың күндізгі форматын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар істеліп жатыр. 1 қыркүйекте дәстүрлі форматта сабақты бастау кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау ұсынылады, - деді ол.

Оның сөзінше, күнделікті санитарлық залалсыздандыру шараларын өткізу, термометрия, «бір сынып-бір кабинет» қағидасы, үзілістерді әртүрлі уақыттарда қою, мектеп педагогтары мен техникалық қызметкерлерді вакцинациялау, қосымша ауысымдар мен кіші ауысымдар ұйымдастыру, ауқымды іс-шаралар өткізбеу және асхана жұмысы кесте бойынша ұйымдастырылады.

Ата-аналар және білім алушылар арасында жеке гигиена және санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған ерекше назар аударып отырмыз. Қызметкерлер арасында санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық жұмыс жүргізу тоқтатылмайды, - деп түсіндірді Айгүл Мыңбаева.

Мектепке кіреберіс жерде мұғалімдер мен техникалық қызметкерлер, балаларды мектепке жеткізетін ата-аналар Ashyq қосымшасын қолданып, білім беру ұйымдарына жеке қорғаныс және залалсыздандыру құралдары арқылы кіреді.

Өзгелердің жаңалығы