Жаңа облыстардың тұрғындарына арналған  арнайы жоба жүзеге асырылады

16 Қыркүйек 2022, 12:49
1301
Бөлісу:
Жаңа облыстардың тұрғындарына арналған  арнайы жоба жүзеге асырылады

«Қазақконцерттің» басшысы Ақтоты Райымқұлова биыл құрылған үш жаңа облысқа арнайы сыйлық дайындалғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда «Ел бірлігі – Жаңа Қазақстан» жобасын жүзеге асырып, Президент Жолдауында жарияланған Абай, Ұлытау, Жетісу секілді жаңа облыстардың орталықтары мен моноқалаларына, шалғай жатқан аудандарына концерттік бағдарламалар ұсыну қолға алынды.

Бұл бастамалар өңірлердің атқарушы билігімен бірлесіп өткізілуде. Аталған жобалардың негізгі мақсаты – өңір тұрғындарына мәдени құндылықтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, өңірлердегі ұжымдар мен әртістерді қолдау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отандық өнердің көкжиегін кеңейту. Алғашқы гастрольдік сапар Абай облысында өтті,- деді ол.

Ол атағандай, «Қазақконцерттің» шығармашылық ұжымында сахнаға шығып, өнер көрсетумен ғана шектеліп қалмай, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де айналысып жүрген жас өнерпаздар  бар.

Сол жастардың қатарында «TURAN» ансамблінің солистері Мақсат Медеубек, Бауыржан Бекмұханбет, Серік Нұрмолдаев және Бабыр Арғынов бар. Соңғы жылдары олар Қазақстандағы фольклор өнерін зерттеумен және дамытумен айналысып жүр. Осындай жұмыстардың нәтижесінде біз Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарына сый-құрмет ретінде Абай Құнанбаевтың үш домбырасының бірінің үлгісімен, көне технологиямен жасалған домбыраларды «Қазақконцерт» ұйымының атынан тарту етуге ниет еттік. Бұл домбыраларды жасап берген біздің біраз уақыттан бергі серіктесіміз, көне музыкалық аспаптарды шығарумен айналысатын алғашқы шеберханалардың бірі - «Шертер» фирмасы,- деді ол. 

Райымқұлова атағандай, Бұл домбыраның бір ерекшелігі – оған қой мен ешкінің ішегінен жасалған ішектер тартылған.

Мұндай ішектерді жасау технологиясы ертеректе ұмытылып кеткен. Дегенімен, оны осы біздің «Қазақконцерт» ұйымында жұмыс істейтін Бабыр Арғынов деген әріптесіміз қайта қалпына келтірді. Бұл біз үшін үлкен абырой әрі мақтаныш! Бабыр Арғынов қазір «Қоңыр» деген өзінің компаниясын құрып, осы ішектерді жасап жүр. Ішектер домбыраның көне қоңыр үшін береді,- деді ол.

Өзгелердің жаңалығы