Жаңа облыстардың тұрғындары қайта тіркеуден өте ме?

13 Маусым 2022, 14:18
1228
Бөлісу:
Жаңа облыстардың тұрғындары қайта тіркеуден өте ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа облыстардың тұрғындарына қайта тіркеуден өтудің қажеті жоқ екенін айтты.

Ұлттық экономика министрлігі «жаңа үш облыстың тұрғындарына қайта тіркелу қажет пе, жоқ па?» деген сұраққа жауап берді.

Қайта тіркеуден өтудің қажеті жоқ, – деді Ұлттық экономика басшысы Әлібек Қуантыров.

Министрдің сөзін орынбасары Бауыржан Омарбеков толықтырып өтті.

Құжаттарды жылжыту, жоғалту немесе жаңарту кезінде жаңа мекенжай көрсетіледі. Қолда бар құжаттар жарамды, қайта тіркеудің қажеті жоқ, - деп айтты Ұлттық экономика вице-министрі.

Енді елімізде 17 облыс және республикалық маңызы бар үш қала бар.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 3 мамырда Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құруды көздейтін «Елдің әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды. Осы Жарлық 8 маусымда күшіне енді. Осылайша Қазақстан картасында Абай, Жетісу, Ұлытау деген тарихи атаулары бар үш жаңа облыс пайда болды.

Өзгелердің жаңалығы