Жаңа облыстарды құруды көздейтін Президент жарлығы әзірленді

29 Наурыз 2022, 09:20
1561
Бөлісу:
Жаңа облыстарды құруды көздейтін Президент жарлығы әзірленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.

Бүгінгі күні Ұлттық экономика министрлігі  Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру бойынша жұмыстарды бастап кетті. 25 наурыз күні Премьер-министрдің өкілімен аталған облыстарды құру үшін комиссия құрылды. Комиссия міндеті жаңа өңірлерді құру бойынша жүргізіліп отырған жұмыс шеңберінде мемлекеттік органдардың ведомствоаралық іс-қимыл қамтамасыз ету, - деді ведомства басшысы.

Сонымен қатар министрдің мәлімдеуінше, жауапты орындаушыларды және іске асыру мерзімі ескеріле отырып, ҚР әкімшлік аумақтық құрлысының кейбір мәселелері туралы Президент жарлығының қабылдануы жөнінде жұмыс алгоритмі әзірленді.

Алгоритм ұйымдастырушылық және жедел іс-шаралар тізбесін қамтиды. Алгоритм аталған облыстар мен әкімдіктерге жеткізілді, -деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Өзгелердің жаңалығы