Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылым және жоғары білім форумында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ғылымның қаржыландыру моделін қайта қарау керек. Қаржы көп болмаса да, бағдарламалар мен грант арқылы бөлінеді. Бірақ олардың нәтижесі тиімді емес. Оны біз мойындаймыз. Негізгі жүйелі мәселе – осы. Ғылымға ақша берілді, нәтижесі не болды? Өндріске енгізу, салалық, өңірлік проблемалар бар. Сондықтан біз қаржыландыруды ұйымдастыру моделін қарастыруымыз керек. Ұлттық ғылыми кеңестерге негізделген қаржыландыру моделі негізінде жақсы жұмыс істеп жатыр. Бірақ оның тетіктері мен бағыттарын ауыстыруымыз керек. Біздің ғылыми зерттеу институттарымыз күнделікті проблемаларды шешуге бағытталуы керек, - деді ол.
Министр екі күндік форум аясында ЖОО ректорлары осы мәселені талқылайды.
Министрдің көзқарасы ғана емес, салада жүрген басшылардың ұжымдық пікірін тыңдап, ұжымдық реформаны пысықтап жатырмыз. Яғни бұрын жаңа министр келеді, оның өзінің көзқарасы мен идеясы бар. Соны бүкіл салаға енгізіп, саланы өзгертуге тырысады. Біз ұжымдық, желелік бағытқа көшіп жатырмыз. Қоғам осындай қағидаға өтуі керек, - деді Саясат Нұрбек.