Жаңа министрлер ант берді

11 Қаңтар 2023, 09:18
724
Бөлісу:
Жаңа министрлер ант берді

Үкіметте Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған жаңа министрлер ант берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы өткен аптада бірқатар тағайындау жасады. Президент жарлығымен Президент кеңсесі Үкімет аппараты болып қайта құрылды. Осыған байланысты Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-министрдің орынбасары - Үкімет аппаратының басшысы болып тағайындалды, - деді Смайылов.

Өткен аптада ведомстваның жаңа басшылары болып Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Әділет министрі Азамат Есқараев және Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев тағайындалған болатын.

Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін! - деп ант етті олар. 

Өзгелердің жаңалығы