Жаңа министр депутаттардың салыққа қатысты сауалына жауап берді

7 Ақпан 2022, 13:04
1652
Бөлісу:
Жаңа министр депутаттардың салыққа қатысты сауалына жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мәжіліс депутаттарының шағын және орта бизнеске салық салу мәселелеріне қатысты жолдаған сауалдарына жауап берді. 

Министр жауабында салық салудың тиімді тұстарын түсіндіріп өтті.

Салық – экономиканы реттеудің, ұлттық табысты қайта бөлудің, сондай-ақ бизнесті дамытуды ынталандырудың негізгі құралдарының бірі.

Министр Әлібек Қуантыров  атағандай, соңғы жылдары шағын кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аударылып келеді.

Мәселен, арнайы салық режимдерін қолданатын микро және шағын бизнес субъектілері табыстарға салынатын салықтардан 3 жылға (2020-2022 жж.) босатылды. Сонымен қатар микро және шағын бизнесті тексеруге мораторий енгізілді. Бұл шаралар бір миллионнан астам бизнес субъектісін қамтиды.

Бизнестен қызметті адал және ашық жүргізу, оның ішінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу құралдарын пайдалану арқылы жүргізу талап етіледі. Бұл экономиканы «ақтап тазарту» үшін, әсіресе көлеңкелі айналымдардың елеулі үлесі сақталып отырған сауда және қызмет көрсету салаларында қажет. Ұлттық банктің деректері бойынша 2019-2020 жылдар кезеңінде қолма-қол ақшасыз транзакциялардың саны 2,4 астам есеге өсіп, 35,3 трлн теңгеге жетті, төлем карталарын пайдалана отырып қолма-қол ақшаны алу көлемі 2015 жылғы 89,6%-дан 2020 жылдың қорытындысы бойынша 32,6%-ға дейін қарқынды төмендеуі байқалады, - деп айтты Ұлттық экономика министрі.

Алайда, мобильдік аударымдар арқылы келіп түсетін ақшалай қаражатты кәсіпкерлер қолданыстағы салық салудан босатуға қарамастан кірістерінде көрсетпейді.

Осы ретте мұндай кірістерді есепке алу мәселесін заңнамалық реттеу талап етілді және 2021 жылы салық заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілді.

Мобильді аударымдар арқылы алынған кәсіпкерлердің табыстары туралы ақпарат алу кірістерді есепке алуға және көлеңкелі айналымдарды азайтуға бағытталған.

Сондай-ақ министр қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу есебіне қою үшін ең төменгі шекті мәннің мөлшерін төмендету мәселесіне тоқталды.

Көрсетілген шекті мәннің 30 мың АЕК-тен 20 мың АЕК-ке дейін төмендеуіне қарамастан, бұл көрсеткіш басқа елдермен, оның ішінде ЕАЭО елдерімен салыстырғанда жоғары болып қалып отыр. Кәсіпкерлерге 124 184 АЕК (381 млн теңге) дейін қолма-қол ақшасыз айналымға қол жеткізгенге дейін қолма-қол ақшасыз төлемді қабылдай отырып, ҚҚС төлеуші ретінде есепке тұрмауға мүмкіндік берілді. Бұл норманы оңайлатылған декларация бойынша режимді қолданатын кәсіпкерлер және үш компонентті интеграцияланған жүйе (деректерді онлайн беретін кассалық аппарат, банк карталарымен ақы төлеуді қабылдауға арналған терминал, тауарлардың қозғалысын есепке алу жүйесі) болған кезде қолданады, - дейді Әлібек Қуантыров.

Оның сөзінше, ҚҚС бойынша есепке қою үшін ең төменгі шекті мәнді төмендету мақсаты – бюджетке қосымша түсімдер алу емес, айналымдардың ашықтығын қамтамасыз ету және қолма-қол ақшасыз төлемдерді ынталандыру.

Қазіргі уақытта тау-кен секторына жүктемені қайта қарау, дивидендтерге салық салу, өзара байланысты тұлғалар арасындағы мәмілелерге бақылауды күшейту, сондай-ақ қазақстандық резиденттер меншік иелері болып табылатын шетелдік компанияларға салық салу жөніндегі нормаларды жетілдіру мәселелері пысықталып жатыр. Бұл тәсілдер табиғи ресурстарды өндіруден қайтарымды күшейтуге, капиталды елден шығарудың жолын кесуге мүмкіндік береді, - деп айтты Қуантыров депутаттарға жауабында.

Сонымен қатар министр депутаттардың табыс деңгейіне белгіленген салық мөлшерін белгілеуді көздейтін микро және шағын бизнеске салық салуда ұсынған патент тәсіліне қатысты пікірін білдірді.

Бәріне мәлім, 1995-2001 жылдары жалдамалы қызметкерлері 20 адамнан аспайтын және жылдық табысы 20 000 АЕК аспайтын пайдалана отырып, кәсіпкерлер патент негізінде тіркелген жиынтық салық төлеу арқылы жеңілдетілген салық режимін қолданған. Бұл ретте патент нысан бойынша есептелетін және ҚҚС, әлеуметтік салық, жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, төлем көзінен ұсталатын табыс салығын қамтитын тіркелген жиынтық салықтан тұрды, - деп атап өтті Ұлттық экономика министрі.

Патенттер бір айдан бір күнтізбелік жылға дейінгі мерзімге берілді.

Патент бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер – ҚҚС төлеушілер. Олар шот-фактураларды болжамды кіріс негізінде есептелген және патент құнын анықтау кезінде қабылданған сомалар шегінде ғана жазуға мәжбүр болды.

Бұдан басқа, режим қызмет түрлерінің кең спектрін қамтыды (тұтыну тауарларын өндіру және сату - 22 қызмет түрі, тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы жеке тұлғалардың қызметі - 50 қызмет түрі, әлеуметтік-мәдени саладағы жеке тұлғалардың қызметі – 12 қызмет түрі, басқа қызмет түрлері - 39 қызмет түрі).

Практика көрсеткендей, бұл режим шағын кәсіпкерліктен орта кәсіпкерлікке біртіндеп көшу бойынша күтуді ақтамады, яғни, кәсіпкерлердің өсу тұжырымдамасы іске аспады. Бұл ретте, қолданыстағы Салық кодексінде айналымы аз және жалдамалы қызметкерлері жоқ кәсіпкерлер үшін патент негізінде арнаулы салық режимі көзделген. Патент құнын төлеу салық кезеңі басталғанға дейін жүргізіледі. Яғни патенттің алдағы кезеңдегі кірісінің жоспарланған сомасын салық төлеушінің өзі анықтайды. Патентте жеке табыс салығының мөлшерлемесі бар болғаны 1%-ды құрайды. Әлеуметтік салық төленбейді. Бұл ретте патентті қолдануға арналған қызмет түрлерінің тізбесі шектеулі (32 қызмет түрі), - деп түсіндірді министр.

Айтуынша, патент кәсіпкерлер үшін ыңғайлы. Патентті қолдануды шектеудің негізгі мақсаты – бейресми еңбек қатынастарына және нақты кірістерді жасыруға жол бермеу. Табыс мөлшері бойынша шектеулерді және жалдамалы қызметкерлерді пайдаланудан басқа қызмет түрлерінің тізбесін жүргізу халықаралық практикаға сәйкес келеді, негізінен осындай режимдерді ұсақ қолөнершілер қолданады.

2022 жылдан бастап мобильдік қосымшаны пайдалану арқылы арнайы салық режимі енгізілді. Осы қосымшаны қолдану салық төлеушінің салық міндеттемелерін тіркеуді, қызметін тоқтатуды және орындауды жеңілдетеді. Яғни салық міндеттемелерін смартфон арқылы орындауға болады. Аталған режимдер кәсіпкерлік қызметті жеңілдетілген тәртіпте жүзеге асыруға мүмкіндік береді, - деп жауап берді Әлібек Қуантыров депутаттарға.

Өзгелердің жаңалығы