Жаңа министр балабақшадағы тәрбие мен оқыту туралы айтты

12 Қаңтар 2023, 10:16
1340
Бөлісу:
Жаңа министр балабақшадағы тәрбие мен оқыту туралы айтты

Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство министрі Ғани Бейсембаев балаларды ерте дамыту үшін істеліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр атағандай, үздіксіз білім берудің ең маңызды деңгейі – балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту.

Зерттеулерге сәйкес, баланың интеллектуалды, әлеуметтік, эмоционалдық, физиологиялық дамуына балабақшалардың әсері орасан зор. Сол себепті балаларды ерте дамытудың жаңа моделі енгізілді. Оқу бағдарламалары, жоспарлары және оқыту әдістері қайта қарастырылды, - деді Бейсембаев.

Осыған дейін бағдарлама тым академиялық болып келді, ол 3-4 жасар балаларды  отырғызып, 20 минуттан сабақ беріліп келлі. Енді халықаралық тәжірибе ескеріліп, тәрбие мен оқыту балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, балабақша табалдырығын аттаған кезінен басталады.

Ойын – баланың жаны мен тәніне сай келетін табиғи әрекет. Бала сол арқылы қоршаған әлемді зерттеп, оны тани отырып, қажетті дағдыларын дамытады.

Сондықтан баланың тұтас дамуы үшін барлық жағдай жасалуға тиіс. Жаңа модельдегі ұстаным балаларды коммуникативті, өз өзіне сенімді, төзімді, дендері сау, ашық және креативті ойлайтын,  еңбекқорлық пен білімге құштарлық құндылықтарын бойына сіңіріп, балабақшадан тәрбиеленіп шығуды көздейді, - деп атап өтті Ғани Бейсембаев алқа отырысында.

Өзгелердің жаңалығы