Жаңа конституциялық нормалар сайлауда жүзеге асырылып жатыр – Әшімбаев

20 Қараша 2022, 08:59
682
Бөлісу:
Жаңа конституциялық нормалар сайлауда жүзеге асырылып жатыр – Әшімбаев
PHOTO
Фото: автордан

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Президенттің кезектен тыс сайлауында Астана уақытымен 08:40-та дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде осы маусымда республикалық референдум өткені белгілі. Сол референдумда еліміздің дамуына өте үлкен маңызы бар конституциялық нормаларды қабылдадық. Қабылданған конституциялық нормалардың біразы осы сайлауда жүзеге асырылып жатыр деп айтуға толық негіз бар, – деді Әшімбаев.

Сенат төрағасы Қазақстан бүкіл халыққа, жеті жылға, бір ретке ел президентін сайлап жатқаны Конституцияға енгізілген жаңа нормалардың жүзеге асуының дәлелі екенін атады.

Сайлаудың әділ, ашық өтуіне барлық жағдай жасалды. Сайлау – халыққа берілген үлкен мүмкіндік. “Халық – биліктің қайнар көзі” екенін Конституцияда тайға таңба басқандай жаздық. Сондықтан бүгін халқымыз өзінің болашағын айқындап отыр, – деді Сенат төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы