Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жаңа Конституция жобасын референдумға шығару ұсынылды

Жансая ҚАМБАР
Бүгiн, 17:40
227
Бөлісу:
 Конституциялық сот
Фото: Конституциялық сот

Республикалық заң консультанттары алқасының және Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай Конституция жобасын бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынысына қолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол күні кеше “Қазақстан заңгерлер одағының” базасында елдің барлық өңірін қамтыған судьялар корпусын, нотариаттарды, жеке сот орындаушыларын, заң кеңесшілерін және ғылыми қауымдастықты біріктірген кеңейтілген сарапшылық талқылау өткенін айтты. Серік Ақылбайдың айтуынша, жиында жаңа Конституция жобасы қолдау тапты. 

Талқылау барысында кәсіби орта Конституция жобасын жекелеген түзетулер жиынтығы емес, Ата заңның тұжырымдамалық тұрғыдан жаңарған үлгі ретінде бағалады. Әсіресе, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, цифрлық кеңістіктегі құқықтық кепілдіктерді бекіту, білім беру мен ғылымды дамыту, сондай-ақ мемлекеттің зайырлы сипатын нақтылау мәселелері кең қолдауға ие болды, - деді ол Конституциялық комиссияның кезекті отырысында.

Серік Ақылбай бұл ұсыныстар заңгерлік қауымдастықтардың ғана емес, азаматтардың да сұранысымен үндесіп отырғанын жеткізді.

Сонымен қатар азаматтардан түскен орынды ұсыныстар да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Олардың едәуір бөлігі жұмыс топтарында талқыланып, жобаға енгізілді. Бұл – қоғам мен мемлекеттің ашық әрі сындарлы диалогының айқын көрінісі. Сондықтан мен жобаны бүкілхалықтық референдумға шығару жөніндегі комиссия мүшелерінің ұсыныстарын қолдаймын, - деді Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы.

Еске салайық, бұған дейін Ерлан Қарин Конституция алғаш рет қазақша жазылып жатқанын айтты. 

Өзгелердің жаңалығы