Жаңа қаулы: «Омикрон» штамы тараған елдерден келген жолаушы 7 күнге оқшауланады

30 Қараша 2021, 21:40
1335
Бөлісу:
Жаңа қаулы: «Омикрон» штамы тараған елдерден келген жолаушы 7 күнге оқшауланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы бойынша 10 мемлекеттен келген жолаушылар 7 күнге оқшауланады. 

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты хабарлады.
Осы қаулыға қосымшада көрсетілген елдерден Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде барып келген адамдар 7 күнге үйде оқшаулансын (үй карантині). Үй карантиніне оқшаулау ПТР әдісімен CОVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтаманың және CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың бар-жоғына қарамастан жүргізіледі, – деп жазылған қаулыда. 
Аталмыш қосымшадағы тізімде Израиль, Чехия, Нидерланд, Ұлыбритания, Италия, Германия, Аустралия, Канада, Бельгия және Египет мемлекеттері көрсетілген. Сондай-ақ құжатта Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін үкіметтік делегациялар мен авиакомпания экипаждарынан басқа адамдардың бәрі термометриядан, сауалнамадан өтетіні айтылған. 

  Қаулы 3 желтоқсанда сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді. Құжаттың толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.
Өзгелердің жаңалығы