Жаңа дәуірге қадам. Қытай компартиясының құрылтайы басталды

16 Қазан 2022, 09:43
2399
Бөлісу:
Жаңа дәуірге қадам. Қытай компартиясының құрылтайы басталды
Фото: автордан

Бейжіңде жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де Қытай коммунистік партиясының ХХ съезі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
 

Қытай коммунистік партиясының ХХ съезінің (ҚКП) салтанатты ашылуы таңғы сағат 10:00-де Бейжіңдегі Халық жиналысы үйінде өтті. 

Халық жиыны мемлекеттік әнұранмен ашылды. Сондай-ақ қатысушылар ҚКП-ның дамуына үлес қосқан әріптестерін бір минуттың үнсіздікпен еске алды.

Жаңа дәуірге қадам. Қытай компартиясының құрылтайы басталды


Құрылтай жеті күнге созылып, 22 қазанда аяқталады.

Қытай коммунистік партиясының ХХ съезіне 2 296 делегаттың мандаттары бекітілген болатын. Бұл делегаттар ҚКП-ның 20-шы съезіне қатысып, ҚКП-ның 96 млн-нан астам мүшесі мен 4,9 млн-нан астам қарапайым партиялық ұйымдарының атынан қатысады.

Жаңа дәуірге қадам. Қытай компартиясының құрылтайы басталды


Кеше ҚКП-ның ХХ съезіне дайындық барысы туралы қытайлық және шетелдік журналистер үшін баспасөз конференциясы өткен болатын.

Компартияның жиынына шамамен 80 елдің 120-дай медиасының 300-ге тарта БАҚ өкілі қатысып жатыр.

Құрылтайға қатысушылар Халық жиналысы үйіне таңғы сағат 7-ден жинала бастады. 

Халық жиналысы үйі ғимараты елдің туымен безендірілген.

Жаңа дәуірге қадам. Қытай компартиясының құрылтайы басталды



Бес жұлдызды қызыл тудың мағынасы бар. Дәлірек айтқанда, үлкен жұлдыз Қытай коммунистік партиясын, ал төрт кішкентай жұлдыз жұмысшыларды, шаруаларды, зиялы қауымды және ұлттық буржуазияны білдіреді.

Жаңа дәуірге қадам. Қытай компартиясының құрылтайы басталды



Еске сала кетейік, бұл саяси оқиғаның Қытай үшін ғана емес, әлем үшін саяси маңызы зор. Себебі көршіміз алдағы бес жылға арналған стратегиялық жоспарларын айқындайды.

Биыл еліміз де Жаңа Қазақстанды құру мақсатында жуық арада жүзеге асырылатын ауқымды саяси реформалар мен бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараны жүзеге асыру міндеті алға қойылған болатын. Сонымен қатар осындац ауқымды, жүйелі жұмыстарды жүргізу үшін референдум өткізді. Қазақстанның бұл бастамасын ҚХР төрағасвСи Цзиньпин жоғары бағалаған болатын.

Айта кетсек, 14 қыркүйек күні Қытай президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келген болатын. Осы орайда екі ел биыл дипломатиялық қатынастардың 30 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы