Бұл туралы "Қазақстан заңгерлер одағы" республикалық бірлестігінде өткен брифинге ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының электоралды оқыту орталығы басшысының орынбасары Думан Жампейісов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол процесті бақыламайды. Одан кейін ол қадағалаушы, тексеруші емес. Сайлау күні дау-жанжал тудырып құжаттарды беріңдер деп сайлау комиссиясының жұмысына араласып кедергі жасауға болмайды. Фото аудио және бейнежазбаны жүзеге асыру және тарату кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптарды сақтауға міндетті. Жалпы заңда байқаушының мәртебесі нақты анықталған. Яғни, ол сайлаудың қалай жүріп жатқанын бақылайды. Егер Орталық сайлау комиссиясының жұмысына араласатын болса, онда ол жауапкершілікке тартылуы мүмкін, - деді спикер.
Айта кетейік, кезектен тыс Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау кезінде сайлау қорына кімдерге қаражат салуға тыйым салынатыны белгілі болды.