Сайлау қорына кімдер қаражат сала алмайды?

28 Ақпан 2023, 12:47
1890
Бөлісу:
Сайлау қорына кімдер қаражат сала алмайды?
Фото: gov.kz

Кезектен тыс Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау кезінде сайлау қорына кімдерге қаражат салуға тыйым салынатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан заңгерлер одағында өткен брифинг барысында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының электоралды оқыту орталығы басшысының орынбасары Думан Әбілтайұлы айтты.

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың; Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының; Қайырымдылық ұйымдарының; Діни бірлестіктердің; Жарғылық капиталына шетелдік қатысуы бар қазақстандық заңды тұлғалардың; Жеке және анонимді тұлғалардың қайырымдылықтарынан қаражат салуға тыйым салынады , - деді спикер.

Еске сала кетейік, үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын сайлау қорлары арқылы жүргізеді. Сайлау қоры кандидаттың жеке қаражатынан, сондай-ақ ұсынған саяси партияның немесе қоғамдық бірлестік қаражатынан құралады.  

Бұған дейін сайлауға қатысты заңбұзушылық бойынша 28 факт анықталды.

Өзгелердің жаңалығы