Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

21 Қыркүйек 2023, 09:24
796
Бөлісу:
Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі
PHOTO
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Жәмилә Бақбергенова Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі,деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақ палуаны санаулы сәттер бұрын (72 кг) Моңғолия мықтысы Даваанасан Энх-Амаринға жол берді. Екі спортшы биыл көктемде Астанадағы Азия чемпионатының жартылай финалында күрескенде, Бақбергенованың мерейі үстем болған (11-0).

Жәмилә осыған дейінгі 2 дүниежүзі бәсекесінің ақтық айқасына жолдама алып, 2019 жылы Ослодан, былтыр Белградтан күміс жүлдегермен қайтқан.

Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

Жартылай финалда жеңіліп жатқан соң Жәмилә тәуекелге барды. Сол кезде тактика жағынан қате жіберді. Жәмилә чемпионат қарсаңындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде тұмауратып қалған. Содан жаттығуды бірнеше күнге тоқтаттық. Соның салдарынан мұнда толық бабында келе алмады. Моңғолиялық палуан осал емес. Лайықты қарсылық көрсетті. Осыған дейін Жәмилә екеуі бірнеше рет күрескен. Барлық кездесу осындай қиын болған-ды. Енді ертең қола медаль үшін белдесуге дайындаламыз. Келе жатқан Азия ойындарында ол 76 кг салмақта бақ сынайды. Бұл Жәмиләнің өз салмағы деп айта алам,-деп айтты Жәмилә Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Бақбергенова бүгінгі жарыс күнін 1/8 айналымнан бастап, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Фанни Нагидың (Сербия) жауырынын жерге тигізіп, сосын, ресейлік Ксения Бураковадан айласын асырды (7-1).

Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

Ертең финалда Даваанасан америкалық Амит Элормен күш сынасады. Ал Жәмилә мен франциялық Кендра Дашенің қола медаль жолындағы қарсыласы күндіз анықталады

Осы тұста Жәмилә Бақбергенова (72 кг салмақта) сары құрлық бəсекесінде 3 мəрте жеңімпаз атанған тұңғыш қазақ палуаны екенін айта кетейік. Қазір оның еншісінде Азия чемпионатының 5 медалі бар (3 алтын, 1 күміс, 1 қола).

Қазақстандық палуан чемпионаттан кейін Ұлттық құрамамен елге оралып, Қытайда өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарына дайындықты бастайды. Ханчжоу қаласында ол Олимпиада бағдарламасына кіретін 76 кг салмақта бақ сынап, тәжірибелі Эльмира Сыздықованың орнын жоқтатпауға тырысады.

Сондай-ақ бүгін сынға түскен Ұлттық құрама сапындағы Алтын Шағаева (53 кг) 1-айналымда қытайлық, Ирина Кузнецова (62 кг) 2-белдесуінде германиялық, Елена Шалыгина (68 кг) 2-белдесуінде Моңғолия спортшысынан жеңіліп қалды

Өзгелердің жаңалығы