Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Сағат 12.00 шамасында Жамбыл облысында 380 мыңға жуық дауыс беруге құқығы бар азамат референдумға қатысты.
Бұл мәліметті өңірдегі сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов айтты.
Қазір, сағат 12.00 шамасындағы ахуалды саралайтын болсақ, Жамбыл облысында 380 мыңға жуық дауыс беруге құқығы бар азамат референдумға қатысты. Бұл жалпы көрсеткіштің 50 пайыздан астамы дауыс бергенін аңғартады. Өңірдегі 18 учаскеде, негізінен әскери бөлімдерде, ауруханаларда, демалыс орындарында референдум аяқталды. Жалпы, аймақта тұрғындардың саяси науқанға қатысу процесі жақсы жүріп жатыр. Бұрынғы жылдармен салыстырғанда белсенділік басым, - деп атап өтті ол.
Тараз қаласындағы №55 уаскеде қазірге дейін 1509 тұрғын дауыс беріп, таңдауларын жасады. Солардың бірі қалалық мәслихаттың депутаты Жанар Орынбаева референдумның маңызды шешуші қадам екенін айтты.
Мен бұл шараны тарихи бетбұрыс деп бағалар едім. Сондықтан да таңдауымды жасадым. Бүгінгі референдумға елінің ертеңіне алаңдайтын әрбір азамат атсалысуы кере», - деді халық қалаулысы.
Айта кетейік, Жамбыл облысында 492 дауыс беру учаскесі бар. Оларда 750 мыңға тарта азамат бүгін таңдау жасауы тиіс.
- Мұқаба
- Жаңалықтар
Жамбылдықтардың жартысынан астамы таңдау жасап үлгерді

-
1Қытайлық сейсмологтар Азиядағы жаңа жер сілкіністері туралы ескертті10432Қанша уақыт қалды: енді әйелдер "декретке миллионмен" шыға алмайды9113Жаңбыр, найзағай: бүгін елімізде ауа райы қандай болады81842025 жылы қай мамандыққа грант көп бөлінеді – министрлік жауап берді8045Марста біртүрлі дүние табылды729