Жамбылдықтан 300 келіден астам жабайы қарасора тәркіленді

23 Тамыз 2023, 13:50
646
Бөлісу:
Жамбылдықтан 300 келіден астам жабайы қарасора тәркіленді
Фото: Жамбыл облысы ПД

Жамбыл облысының тұрғынынан 300 келіден астам жабайы қарасора тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау мақсатында «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Шу ауданында жабайы қарасора өсетін жерлерде есірткі затын дайындау кезінде Мойынқұм ауданының 37 жастағы тұрғыны ұсталды.

Аумақты тексеру кезінде жалпы салмағы 378 келі кептірілген марихуана есірткі құралы табылып, тәркіленді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ, ІІМ ЕҚҚІД, ҰҰ “Бүркіт” АМБ қызметкерлері жүргізді.

Ұсталған адам кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау). Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, - деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

Өзгелердің жаңалығы