Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицияға Сарысу аудандық орталық ауруханасының басшылығы шағымданды, деп хабарлады Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.
Ол осы жылдың 7 қаңтарында белгісіз адамның аурухана терезесін сындырып кіріп, 1 теледидар мен 1 құлақ тексеретін аппаратты жасырын түрде ұрлап кеткендігі туралы хабарлады. Келтірілген шығын көлемі 4.600.000 теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Жаңатас қаласының 24 жастағы тұрғынын анықтады. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - делінген таратылған ақпаратта.
Осы қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.