Жамбылдық полицейлер Қордай асуында қар құрсауында қалған жүргізушілерге көмектесті

28 Ақпан 2024, 04:15
414
Бөлісу:
Жамбылдық полицейлер Қордай асуында қар құрсауында қалған жүргізушілерге көмектесті
Фото: скрин

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Жамбыл облысындағы апаттық қауіпті жол учаскелерінде патрульдеу жұмыстары жалғасуда. Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын қабылдап, жолда тұрып қалған адамдарға көмектесуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті орындардағы жағдай аудандық полиция бөлімдерінің бақылауында. Алматы-Ташкент тас жолының қауіпті учаскесі – Қордай асуын патрульдеу барысында аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлімхан Қарымсақов тас жолдан шығып кеткен көлікті байқады. Көлікте тек жүргізуші болған. Ол зардап шекпеген, бірақ бірнеше сағат бойы жолда тұрып, көліктерді тоқтатуға тырысқан, алайда жүргізушілерден көмек болмаған.

Полиция полковнигі кетіп бара жатқан көліктерді тоқтатып, қалың қар құрсауына кептеліп қалған машинаны бірге сүйреп шығаруға көмектесті.

Ер адам полицейлерге жедел шара қабылдап, көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Өзгелердің жаңалығы