Жамбылдық полицейлер қарулы қақтығыстың алдын алды

15 Қыркүйек 2022, 15:08
897
Бөлісу:
Жамбылдық полицейлер қарулы қақтығыстың алдын алды

Жамбыл ауданында 30-43 жас аралығындағы бір топ адам жергілікті жанармай құю бекеті аумағында өзара келіспеушіліктерін анықтамақшы болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақпарат бойынша оқиға орнына жедел түрде Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы  қызметкерлері  келді.

Жанар-жағармай бекеттерінің аумағы қоршалып, қақтығыс тараптары ұсталынып, тінту жұмыстары жүргізілді. Қабылданған шаралар нәтижесінде ұсталғандардан аңшылық қаруы тәркіленді.

 Тергеу барысында қақтығысқа қатысушылардың 8 адам екендігі анықталды.                                                                                                                                          Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігімен (қаруды заңсыз сақтау және алып жүру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар реті тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы