Жамбылдық полицейлер қару жасырған Меркі тұрғынын ұстады

14 Ақпан 2022, 19:08
1330
Бөлісу:
Жамбылдық полицейлер қару жасырған Меркі тұрғынын ұстады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылдың қаңтар айының басында орын алған жаппай тәртіпсіздіктер барысында ұрланған қаруды анықтау мақсатында Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізуде.

10-11 ақпанға қараған түні Жаңатұрмыс ауылының 19 жастағы тұрғынының тұрғылықты жері бойынша тінту жұмыстарын жүргізу кезінде үй маңындағы аумақтан жерге көмілген пакеттер табылды. Тексеру жұмыстары барысында пакеттерден "Калашников" маркалы 1 бірлік автомат, 3 бірлік травматикалық газ тапаншасы, автоматқа арналған 76 патрон және тегіс ұңғылы аңшылық қаруға арналған 26 патрон табылып, тәркіленді. 

Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  Сонымен қатар сот-баллистикалық сараптамасы  тағайындалды. 

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған тұлғаның қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын тағы да ескертеді. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Өзгелердің жаңалығы