Жамбылдық полицейлер бес тәулікте 33 атыс қаруын тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жамбыл облысының аумағында атыс қаруын қолдана отырып жасалған қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан алу және қару иелерінің қаруды сақтауын тексеру мақсатында “Қару” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Мәселен, Қордай ауданында жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде полиция қызметкерлері ТОЗ бір ойық қаруды заңсыз сақтаған 60 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.
Сондай-ақ, Тұрар Рысқұлов ауданының 41 жастағы тұрғыны да қаруды заңсыз сақтағаны анықталды. Оның шаруа қожалығын тексеру кезінде тіркелмеген 2 тегіс ұңғылы қару мен бір ойық мылтық табылды.