Жамбылдық полицейлер арасында жауынгерлік қарудан ату бойынша жарыс өтті

Жамбылдық полицейлер арасында жауынгерлік қарудан ату бойынша жарыс өтті
VIDEO
315

Жамбыл облысы Полиция департаментінің «Халық Қаһарманы полиция капитаны Ғ.Байтасов» атындағы оқу-жаттығу полигонында ПД қызметкерлері арасында жауынгерлік қарудан ату бойынша жарыс өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарысқа ПД бөліністерінен және аудандық полиция бөлімдерінен барлығы 19 команда, 66 қызметкер қатысты.

Мергендіктерi сынға түскен сайыста үздік өнер көрсеткен Байзақ ауданының полиция бөлімі командалық бірінші орынды иеленсе, екінші орын ПД Кадр саясаты басқармасына бұйырды. Ал үшінші орынды Тараз қ. Полиция басқармасы иеленді.

Тартысты өткен жарыс нәтижесінде әйелдер арасында ПМ-2 жаттығуында 1-орынды ПД Оқу-жаттығу взводының инспекторы полиция майоры Айжан Ракишева, 2-орынды ПД Кадр саясаты басқармасының аға инспекторы полиция подполковнигі Гүлмира Қойшыбаева, 3-орынды Жуалы аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы Меруерт Тәжібаева жеңіп алды.

Сонымен қатар ерлер арасында автоматтан АК-3 жаттығуында 1-орынға ПД ОЖВ аға инспекторы Мадияр Алимкешов, 2-орынға Тараз қ. ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы Али Түзелбаев, 3-орынға Тараз қ. ПБ инспекторы Айдар Джуандыков ие болды.

Жарыстың қорытындысы бойынша жоғары нәтижелер көрсетіп, жеңімпаз болған қызметкерлер мен командалар дипломмен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы