Жамбылдық полицейлер алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады

22 Мамыр 2023, 13:24
959
Бөлісу:
Жамбылдық полицейлер алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Меркі ауданының полиция бөліміне алаяқтықтың құрбаны болған 30 жастағы жергілікті тұрғын шағымданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс әйел оны жылдық ставкасы 2,5%-бен 886 000 теңге көлемінде несие алуға көмектесетініне сендірген. Жәбірленушіні несиенің төмен пайыздық мөлшерлемесі қызықтырған. Күдікті әйел оның сенімін пайдаланып, телефон арқылы несие рәсімдеуге және шотына 886 000 теңге көлеміндегі ақшаны аударуға көндірген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Алматы облысының 22 жастағы тұрғынын ұстады, сондай-ақ оның осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Биылғы жылдың 20 қаңтарында күдікті осындай тәсілмен Меркі ауданының 58 жастағы тұрғынының сеніміне кіріп, одан 1 000 000 теңгені алдап алған. Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - делінген Жамбыл облысы ПД таратқан ақпаратта.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Өзгелердің жаңалығы