Жамбылдық полицейлер 60 тоннаға жуық жабайы қарасораны жойды

28 Шілде 2022, 22:35
1686
Бөлісу:
Жамбылдық полицейлер 60 тоннаға жуық жабайы қарасораны жойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың 27 шілдесінде Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі  қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының құмды аумағында "Қарасора-2022" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. 

Іс-шара барысында есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасын тарта отырып, есірткі құралдарын жою жөнінде көшпелі комиссия құрылған болатын.

 Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 30 гектар жерден шабу арқылы 27 тонна жабайы сора өртелді.

Жалпы, профилактикалық іс-шара басталғаннан бері барлығы 60 тоннаға жуық жабайы қарасора жойылды.

Өзгелердің жаңалығы