Жамбылдық полицейлер 280 келіге жуық есірткі затын тәркіледі

10 Шілде 2023, 18:30
408
Бөлісу:
Жамбылдық полицейлер 280 келіге жуық есірткі затын тәркіледі

Жамбылдық полицейлер Шу ауданы Белбасар ауылының маңындағы құмды аймақта орналасқан “Сарғау” учаскесінде аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтады деген күдікпен 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады,  деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Есірткінің заңсыз айналымы арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция облыстың полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен өткізілді. 

Бірқатар іздестіру іс-шаралары өткізіліп, нәтижесінде күдікті ұсталған учаскеден жалпы салмағы 237 келі 234 грамм есірткі, қарасора бұталары табылып, тәркіленді. Тұрғылықты жері бойынша сарайдан жалпы салмағы 12 келі 640 грамм кептірілген марихуана салынған полипропилен қапшық және жалпы салмағы 24 келі 586 грамм гашиш есірткі заты табылды. 

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қатысты мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады, – деп хабарлады полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Өзгелердің жаңалығы