Жамбылдық ұстаздар 100% КВИ-ге қарсы вакцина салдырды

1 Қыркүйек 2021, 06:49
4182
Бөлісу:
Жамбылдық ұстаздар 100% КВИ-ге қарсы вакцина салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында білім беру саласының қызметкерлері 100% КВИ-ге қарсы екпе салдырды. Екпе салдырғандардың ішінде балабақша тәрбиешілері, бастауыш сыныпқа сабақ беретін педагогтар, колледж ұстаздары, білім басқармасы мен білім бөлімдерінің қызметкерлері бар. Екпе салдырған педагогтардың денсаулығы қалыпты.

Мектептердегі 25 829 ұстаздың барлығы екпенің 1-компонентін алса,  2-компонентін кестеге сай, 18 000 білім беруші алған. Балабақшалардағы 6 528 қызметкер (1-компоненті – 6 528, кестеге сай, 2-компонентін - 6 300) вакцинацияланған.  

1978 қосымша білім беру ұйымдарының педаготары  вакцинаның 1-компонентін толық алған. Ал, 2-компонентін кестеге сай, 1780 педагог алды.

Сонымен қатар, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім ордаларында «Ashyq» қосымшасы мектеп қызметкерлері үшін жұмыс істейтін болады.

Оқушылар термометрияны, маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтайтын болады. Сыныптарда 2 сағат сайын  дезинфекция жүргізіледі.

Ал бөгде адамдарға білім беру мекемелеріне кіруге тыйым салынады.      


Өзгелердің жаңалығы