Жамбылдық полицейлер есірткі сатушыдан 3 келіге жуық гашиш тәркіледі

14 Шілде 2021, 22:33
1018
Бөлісу:
Жамбылдық полицейлер есірткі сатушыдан 3 келіге жуық гашиш тәркіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Жамбылдық полицейлер есірткі сатушыдан үш мыңға жуық гашиш дозасын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 8 шілдесінде «Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қайнар-Қордай автожолында Chevrolet маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлікті тінту барысында жолаушы Шу қаласының 44 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы екі келі 965 грамм гашиш есірткі заты табылды, тәркіленген есірткі затының салмағы 3 000 дозаны құрайды. Қара нарықта мұндай есірткінің құны шамамен 1,5 миллион теңгені құрайды.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.



Өзгелердің жаңалығы