Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент жарлығымен Жамбылдағы жарылыста қза тапқан бірқатар әскери қызметшілер мен өрт сөндірушілер марапатталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:
|
І дәрежелі «Айбын» орденімен
|
|
Әлімбеков Саят
Жанатұлы
(марқұм)
|
–
|
Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі командирінің орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша) – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы
|
|
Заикин Сергей
Владимирович
(марқұм)
|
–
|
Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы
|
|
Қырғызәлиев Ерлан
Рысқұлбекұлы
(марқұм)
|
–
|
Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі сақтау (инженерлік-оқ дәрілерді) бөлімшесінің бастығы – аға офицері;
|
|
ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен
|
|
Әділбек Әділет
Қанатбекұлы
(марқұм)
|
–
|
Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы
|
|
Кеңес Әліби
Бексұлтанұлы
(марқұм)
|
–
|
Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы
|
|
Қуатбек Ғафан
Жомартұлы
(марқұм)
|
–
|
Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізуші-қызметкері
|
|
Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлы
(марқұм)
|
–
|
Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы.
|
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 13 қыркүйек
№ 660