Жамбылдағы жарылыс: Жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр

31 Тамыз 2021, 11:13
2009
Бөлісу:
Жамбылдағы жарылыс: Жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз айтты.

Жамбыл облысындағы әскери бөлімшедегі жарылыс дерегі бойынша толық және объективті тексеру мақсатында Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратының тәжірибелі қызметкерлері қатарынан жедел тергеу тобы құрылды. Тергеу Қылмыстық Кодекстің 462 бабының 3-бөлігі 2 және одан да көп адамның өліміне әкеліп соққан оқ-дәрінің жарылуына қатысты жүргізіліп жатыр, - деді ол.

Нұрділда Ораз оқиға орнында саперлар жұмыс істеп жатқанын айтты.

Шұғыл тергеу іс-шаралары, оның ішінде жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алу, сондай-ақ залалды анықтау үшін бүлінген объектілерді тексеру жүргізіледі. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды.Оқиға орнында саперлер бригадасы, қызметтік-іздестіру иттері бар кинологтарды тарта отырып, іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 15 әскери қызметші мен құтқарушының денесі табылды, - деді ол.

Еске сала кетейік, қоғамдық тәртіпті сақтау және оқиғаның салдарын жою үшін 800-ден астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан сарбаздары, 113 арнайы техника, оның ішінде 54-і полиция департаментінен және 59-ы басқа мемлекеттік органдардан жұмылдырылды.

Полиция төтенше жағдай орнына кіру жолдарын, соның ішінде теміржол жолдарын уақытша жауып, оқиға орнына медициналық жедел-жәрдем бригадаларын алып жүру ұйымдастырылды.Төтенше жағдай ауданына жақын орналасқан Қайнар, Жібек жолы, Үшбұлақ елді мекендерінен 700-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді, пойыздың 2 350 жолаушысын автобустармен алып жүру ұйымдастырылды, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Байзақ ауылындағы №4 лицей мектебінде жергілікті атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қатысуымен жедел штаб құрылды, - деді ол.

Естеріңізге салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Қоймада инженерлік оқ-дәрілер сақталған.

Өзгелердің жаңалығы