Жамбылдағы жарылыс. Зардап шеккендер саны 70-ке жуықтады

26 Тамыз 2021, 23:50
980
Бөлісу:
Жамбылдағы жарылыс. Зардап шеккендер саны 70-ке жуықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында әскери бөлімде болған өрт пен жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны 70-ке жуықтады, деп хабарлайды облыс әкімдігі. 

Өңірдің төтенше жағдайлар, құқық қорғау және медицина саласының өкілдері барынша жұмылдырылды. 

 Аталмыш мәселеге байланысты қандай да бір туындаған сұрақтар үшін: 

- 109 телефон нөмірі;

- 8-778- 810-91-09 ватсап желісі арнайы іске қосылды. 

 Сонымен қатар 8(7262) 54-41-67 телефон нөмірі арқылы жедел желіге хабарласуға болады.    

 Апат орын алған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, облыс орталығынан 400-ден астам орын дайындалған. 

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 32 дәрігер мен 56 медициналық қызметкер жұмылдырылды. Сағат 23.30-дегі жағдай бойынша Тараз қалалық №1 ауруханасына және Байзақ аудандық орталық ауруханасына 66 науқас жеткізілді. Олардың көпшілігі жеңіл жарақаттанған болса, 2-і ауыр жарақат алғандар, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар жұртшылықтан және БАҚ өкілдерінен тек қана ресми түрде жедел штаб тарапынан ұсынылатын ақпаратты назарға алуды сұраймыз. 

Өзгелердің жаңалығы