Жамбылдағы жарылыс. Соңғы қаза болған адамның кім екені анықталды

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысындағы жарылыс орнынан табылған мәйіт ТЖМ қызметкерінікі екендігі анықталды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.<br> </p>

 30 Тамыз 2021 2021, 21:49
30 Тамыз 2021 2021, 21:49
2944

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысындағы жарылыс орнынан табылған мәйіт ТЖМ қызметкерінікі екендігі анықталды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысындағы жарылыс орнынан табылған мәйіттің кім екендігі анықталды. Ол 3-МӨСБ қарауыл бастығы Заикин Сергей Владимирович болып шықты. Мәйітті марқұмның туыстары таныды - делінген хабарламада.

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде қаза тапқандар саны он бес адамға жетті.

Жоғалған тағы бір адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Наверх