Жамбылдағы жарылыс. Қоймадағы оқ-дәрі жарылмауы керек еді – министрлік

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;28349&nbsp; әскери бөлім командирінің орынбасары подполковник Руслан Сырлыбайұлы Жылқыбаев қоймадағы өртті сөндіруге қатысты айтып берді.</h4>

 30 Тамыз 2021 2021, 18:03
30 Тамыз 2021 2021, 18:03
3666

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28349  әскери бөлім командирінің орынбасары подполковник Руслан Сырлыбайұлы Жылқыбаев қоймадағы өртті сөндіруге қатысты айтып берді.

Өртенген қоймадағы инженерлік оқ-дәрілер техникалық сипаттамаларына қарай жарылмауы тиіс. Сондықтан әскери бөлімнің өрт сөндіру тобы өртті оқшаулау туралы шешім қабылдаған. Сонымен қатар, оқиға орнына жол патрульдік қызметінің өрт сөндіру бөлімдері жұмылдырылған, - дейді ол.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жарылыстардың себептерін құрамында білікті сарапшылары бар комиссия анықтауы керек.

Әскери бөлімнің өрт сөндіру командасы алғашқы сәттен бастап-ақ өртті сөндіруге кірісті. Қалған жеке құрам жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын көшіруге көмектесті, оқиға аймағын қоршауға, әскери бөлімнің басқа объектілеріндегі күзетті күшейтуге кірісті, - деді Руслан Жылқыбаев.

Бөлімнің барлық әскери қызметшілері, жалпы саны 100-ге жуық адам аталған оқиға орнына тартылды.

 



Наверх