Жамбылдағы жарылыс. 800-ден астам әскери жарылыс салдарымен күресіп жатыр

26 Тамыз 2021, 22:20
1531
Бөлісу:
Жамбылдағы жарылыс. 800-ден астам әскери жарылыс салдарымен күресіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 26 тамызында, сағат 19.10-да, Байзақ ауданы, Қайнар ауылында орналасқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің No28349 әскери бөлімінің (инженерлік бригада) оқ-дәрі қоймасы жанды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

250 тұрғыны бар Қайнар ауылы 1 шақырымға жетпейтін қашықтықта орналасқан. Халықты эвакуациялау басталды. Екі үлкен жарылыс пен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жараланған бір қызметкері туралы ақпарат бар (қызметкердің деректері нақтылануда). Дабыл белгісі бойынша облыстың полиция департаментінің жеке құрамы (300 адам) және 5513 әскери бөлімінің жеке құрамы (520 адам) қызметке кірісті - делінген хабарламада.

Оқиға орнына 30 есептеуден тұратын жедел жәрдем бригадасының және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жіберілді.

Апат болған жерге баратын барлық жолдар, соның ішінде теміржол уақытша жабылды. Жақын маңдағы Базарбай, Үш-Бұлақ, Жаңатұрмыс ауылдарының тұрғындары эвакуациялануда. Қоғамдық тәртіпті қорғау және тонаудың алдын алу мақсатында эвакуацияланған елді мекендерді патрульдеу ұйымдастырылды. Байзақ ауданында жедел штаб құрылды, оны облыс әкімі Б.Сапарбаев басқаруда - делінген ақпаратта.

«Алматы-Тараз» жолдарын облыстың жол полициясының 3 экипажы, «Тараз-Алматы» 5 экипажы уақытша жауып тастады. Тараз қаласының N1 қалалық ауруханасына түрлі жарақатпен 32 адам түсті (жеке деректер нақтыланып жатыр).

Өзгелердің жаңалығы