Жамбылдағы рейд. Қару-жарақтар, мөрлер, банк карталары мен жалған құжат

17 Қаңтар 2022, 14:15
2622
Бөлісу:
Жамбылдағы рейд. Қару-жарақтар, мөрлер, банк карталары мен жалған құжат
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Мемлекеттік шекарадан екі шақырым жерден атыс қаруы жасырылған орынды тапты. 

Жамбылдағы рейд. Қару-жарақтар, мөрлер, банк карталары мен жалған құжат

Жасырын жерден 4 тапанша мен 6 бірлік йір ойық және тегіс ұңғылы қару түрлері алынды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Жамбылдағы рейд. Қару-жарақтар, мөрлер, банк карталары мен жалған құжат

14 қаңтарда «Қордай» (автокөліктік) өткізу пунктінде жеңіл автокөлікпен келе жатқан Қырғызcтанның «С» деген азаматы ұсталды. Тексеру кезінде көліктің жүк бөлігінен 50 дана литерлік мөрлер, 4 дана шетелдік паспорттар мен 20 дана банктік карталар табылды.

Жамбылдағы рейд. Қару-жарақтар, мөрлер, банк карталары мен жалған құжат

Ұсталған азамат Қордай ауданы бойынша АІІБ-ға тапсырылды.

Жамбылдағы рейд. Қару-жарақтар, мөрлер, банк карталары мен жалған құжат
Өзгелердің жаңалығы