Жамбылдағы электр стансасы шығаратын электр қуаты сағатына 700 млн кВт-тан асты

8 Желтоқсан 2022, 15:38
1550
Бөлісу:
Жамбылдағы электр стансасы шығаратын электр қуаты сағатына 700 млн кВт-тан асты

Жаңатас жел электр стансасы шығаратын электр қуаты сағатына 700 млн кВт-тан асты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орталық Азиядағы ең ірі жел электр стансасы – Жамбыл облысындағы Жаңатас жел электр стансасы. Оның жалпы шығаратын электр қуаты сағатына 700 млн кВт-тан асты. Бұл шамамен 2,17 млрд тонна стандартты көмірді үнемдеп, 5,6 млрд тоннаға жуық көмірқышқыл газын азайтумен тең. Бұл Қазақстанның жергілікті экономикасы мен қоғамының жасыл дамуына айтарлықтай серпін береді.  

Жаңатас жел электр стансасы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы Жаңатас қаласына орналасқан. Нысанның электр энергиясының белгіленген қуаты 100 МВт. 2020 жылдың қыркүйегінде жел генераторы алғаш рет электр энергиясы желіге ресми түрде қосылды. Содан бері Жаңатас жел электр стансасы электр желісінің жоғары сапалы өндірісін, пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді үздіксіз қамтамасыз етіп келеді. 

«Жергілікті жағдайға бейімделу» пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді басқару режимін белгіледі, кәсіби пайдалану және техникалық қызмет көрсету персоналы өз орнына сәйкес, жоғары сапалы күнделікті жұмыс пен техникалық қызмет көрсету арқылы жел генераторларының өнімділігін жоғарылатып, Қазақстан халқына тұрақты, таза және жасыл қуат ресурстарын үздіксіз жеткізіп отырады.

Көмірмен жұмыс істейтін электр стансалары Қазақстанда басым тұрады. Бұл электр энергиясын өндірудің жалпы мөлшерінің 80%-дан астамын құрайды және көмір ресурстары мол солтүстік өңiрде шоғырланған. Оңтүстік қалалардың электр энергиясын тұтынуы елдің 70%-ға жуығын қамтиды. Сол себепті электрмен жабдықтау жеткіліксіз, солтүстіктің электрін алыс қашықтан жеткізу қажет. 

Қазақстан бойынша қуаттылығы 100 МВт-тан асатын жел энергетикасының алғашқы ауқымды жобасы ретінде Жаңатас жел электр стансасының салынуы оңтүстік Қазақстандағы электрмен жабдықтау қысымын тиімді төмендетті және оңтүстік өңірдегі 200 мың отбасының электр энергиясына сұранысын қанағаттандыра алады.

Жаңатас жел электр стансасының алдағы жоспары - жыл соңына дейін, жоба сағатына 360 млн кВт жылдық электр энергиясын өндіру. Келесі қадамда электр стансасы күнделікті пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуін күшейтіп, жасыл даму ұстанымын алға қойып, Қазақстанның «жасыл экономикасын» дамытуға және жаңартылатын энергетика саласын дамытуға күш салуды жалғастыра бермек.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының (AREK) қытайлық China Power International Holding Limited компаниясымен бірлесіп ұйымдастыруымен, Қазақстанның жаңартылатын энергия көздерін дамыту жөніндегі конференция өткен болатын.

Конференция аясында ҚР Сыртқы істер министрлігі мен SPIC China Power International holding Limited (CPIH) энергетика саласын дамытуға қатысты меморандумға қол қойды.

Өзгелердің жаңалығы