Жамбылдағы аудандық музейде халықаралық төрешіге арнайы бұрыш ашылды

26 Тамыз 2022, 16:54
773
Бөлісу:
Жамбылдағы аудандық музейде халықаралық төрешіге арнайы бұрыш ашылды

Елімізде спорт күніне орай бірқатар шара өтті. Соның аясында Байзақ ауданындағы орталық музейде халықаралық дәрежедегі төреші Бақытжан Бекпенбетовке арнайы бұрыш ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, бокстан халықаралық дәрежедегі 3-жұлдызды АIBA төрешісі, әлем, Азия, Еуропа, Африка чемпионаттарының,  XXXII олимпиада ойындарының төрешісі Бақытжан Бекпенбетов Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы тарихи өлкетану музейінде жасөспірімдермен кездесті.

«Спорт – менің өмірім» атты тақырыпта өткен кездесуге №10 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары қатысқан шарада Бақытжан Бекпенбетов өмірбаяны, жетістіктері жайлы баяндап, спортсүйер жастарға ақыл-кеңесін берді. Жас спортшылар қызықтырған сауалдарын қойып, еркін пікір алмасты.

Сонымен қатар, музейдің мәдениет, өнер және спорт залынан Бақытжан Бекпенбетовке арнайы бұрыш ашылды. Аталған бұрышқа жаттықтырушының спортта жеткен жетістіктерін паш ететін марапаттары мен қолданған бұйымдары қойылды.

Шара соңында музей директоры Өсер Нұрбаев құттықтау сөз сөйлеп, Бақытжан Бекпенбетовке Алғыс хат пен сыйлық табыс етті.

Өзгелердің жаңалығы