Жамбылда вирус жұқтырған жаңа жағдай анықталды

11 Сәуір 2020, 00:42
2178
Бөлісу:
Жамбылда вирус жұқтырған жаңа жағдай анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырған жаңа жағдай анықталды. 

Ол – 1975 жылы туған науқас Тараз қаласының тұрғыны.  10 сәуірде жөтел мен дене қызуының жоғарылауына қатысты шағымданып, ауруханаға жатқызылды. Алынған ПТР зертханалық талдау қорытындысы COVID-2019 инфекциясына оң нәтиже көрсеткен. Науқас  инфекциялық стационарға ауыстырылды. Эпидемиологиялық тексеру барысында жақын байланыста болған 3 адам анықталып, карантиндік стационарға орналастырылды. Олардан зертханалық зерттеуге талдаулар алынды, – деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Тұрғылықты және барған орындары бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілген. Байланыста болған тұлғаларды анықтау жұмыстары жалғасуда.
Өзгелердің жаңалығы