Жамбылда сарбаздың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

2 Қыркүйек 2022, 02:48
1805
Бөлісу:
Жамбылда сарбаздың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі қатардағы сарбаз Бекбол Мираштың өліміне қатысты іс бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының Тараздағы бөлімі тергеу жүргізіп жатқанын жеткізді. Бұл туралы BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тараздың мамандандырылған тергеу соты оған қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция тағайындады. ҚР ҚПК 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмеуіне байланысты тергеп-тексеру барысы және қылмыстық істің мән-жайлары туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілмейді, - делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қылмыстық іс ҚР ҚК 451-бабының 2-бөлігі, яғни "Билігін, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланудың ауыр зардаптарға әкеліп соғуы" бойынша қолға алынғаны нақтыланады.

19 тамызда атыраулық әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсағанын жазған едік. Қызылқоға ауданы Миялы ауылының 18 жасар тумасы Бекбол Мираш Жамбыл облысындағы «Шөлдала» шекара бөлімшесінде әскери борышын өтеп жатқан. Марқұмның туыстары өз-өзіне қол жұмсау болжамына еш сенбейді.

Өзгелердің жаңалығы