Жамбылда Президент тапсырмасының орындалу барысы қаралды

28 Сәуір 2020, 02:44
1512
Бөлісу:
Жамбылда Президент тапсырмасының орындалу барысы қаралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірлік жедел штабтың кезекті отырысында мемлекет басшысының 27 сәуірдегі Қазақстан халқына Үндеуінде айтылған міндеттерді жүзеге асыру туралы мәселе қаралды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Бүгінгі таңда облыста індет жұқтырған 106 жағдай тіркелген, 43 науқас емделіп шыққан. Негізгі міндет – науқастардың санын көбейтіп алмас үшін қатаң бақылауды босаңсытпау.

Жұмысын бастайтын шағын және орта кәсіпорындардың тізімін жасау керек. Оларға жұмысын қайта бастау үшін рұқсат тек қауіпсіздік техникасы мен санитарлық талаптарды сақтай алатындығын дәлелдей алғанда ғана беріледі. Олардың сақталуын бақылау аудан әкімдеріне жүктеледі, - деді аймақ басшысы.

Күніне кемінде екі рет дезинфекциялау және қорғаныс костюмдері мен бетперделерінің болуы басты назарға алынбақ.

Ұсынылған шағын және орта кәсіпорындар тізімнен шаштараздар мен сұлулық салондарын алып тастау туралы шешім қабылданды. Онда адамдардың жиі байланыста болуы мүмкін және санитарлық талаптардың орындалуы қиын. Алайда, қызмет көрсету станциялары, көлік жуу, азық-түлік емес дүкендер және басқа да объектілер өз жұмысын бастайды. Ал мейрамханалар мен кафелер әлі де жеткізіп беру режимінде қызмет ете береді.

Өңір басшысы тиісті орындарға әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратып, қоғамда дүрлікпе туғызатын адамдарды анықтау үшін жұмысты жандандыруды қатаң тапсырды.

Мемлекет басшысы айтқандай, 11 мамырға дейін ел экономикасын қалпына келтірудің кешенді жоспары түзіледі. Осы орайда Жамбыл облысы да 7 мамырға дейін өз нұсқасын әзірлеп, үкіметке ұсынуы керек. Шектеу шараларын енгізу аймақтық экономикаға қай деңгейде әсер ететіні, қандай шаралар көп зардап шегеді, қай жерлерде табыстың төмендеуі, жұмыссыздық деңгейі артатыны туралы болжам жасау қажет. Бастапқы болжамдарға сәйкес, бұл сауда, кәсіпкерлік, мәдениет, өнер және спорт салалары. Осыған орай, 30 сәуірге дейін аумақтық жұмыспен қамту жол картасын әзірлеу қажет. 

Негізгі мақсат – кемінде 26 мың, оның ішінде 11 мың тұрақты жұмыс орнын құру, жұмыс орындарының жаппай босауына жол бермеу.

Ең бастысы – тәртіпті сақтау, әр адамның өз тағдыры үшін ғана емес, сонымен бірге жақын және айналасындағы адамдардың тағдыры үшін де жауапкершілікті сезінуі тиіс, - деді Бердібек Сапарбаев жедел штаб отырысын қорытындылап.


Өзгелердің жаңалығы