Жамбылда өрт сөндіру бекеті ашылды

24 Тамыз 2021, 19:34
975
Бөлісу:
Жамбылда өрт сөндіру бекеті ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл ауданының аумақтық даму жоспарына сәйкес Гродеково ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. Айтулы шараға аудандық төтенше жағдай, №6 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.

Жаңадан ашылған өрт сөндіру бекеті Гродеково, Қызылқайнар, Полатқосшы ауылдық округтеріне қызмет көрсететін болады. Бекет қажетті құрал-жабдықтармен, арнайы техникамен жарақталған. Онда 7 штаттық қызметкер жұмыс істейді. Барлығы да өрт сөндіру-техникалық қару, жауынгерлік киім және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген. Ал өрт сөндіру көлігі облыстық төтенше жағдайлар департаментінен берілген.

Жиын барысында аудандық №6 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Ерлан Сазымбеков сап түзеген қызметкерлерді өздеріне жүктелетін міндеттерден құлағдар етіп, мән-жайды кеңінен баяндады. Қызметте жүргенде немқұрайлылыққа жол беруге болмайтынын, күнделікті санитарлық тазалықты, карантин талаптарын сақтау керектігін айтты.

Гродеково ауылдық округінде жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы біздің аудан үшін маңызды оқиға. Округ маңында өрт қаупі жоғары. Аудан орталығынан өрт сөндірушілер келем дегенше, қауіптің бетін қайтара алмауымыз мүмкін. Сондықтан да бұл мәселе бұрыннан көтеріліп келеген. Енді жаңа өрт сөндіру бекеті қала маңындағы ауылдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді деген сенімдемін, – дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Расул Сұлтанов.

Нысанның ашылуына байланысты азаматтық қорғау қызметкерлері оқу-жаттығу жиынын өткізді. Сонымен қатар төтенше жағдайда өртті сөндіру бойынша әдістемелік-тактикалық жаттығуларды орындады. 

Өзгелердің жаңалығы