Жамбылда кірістер департаментінің басшысы ауысты

4 Қазан 2023, 15:38
543
Бөлісу:
Жамбылда кірістер департаментінің басшысы ауысты
Фото: ҚР Қаржы министрлігі

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Жамалбеков Берік тағайындалды. Бұған дейін Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған, - делінген министрлік ақпаратында.

Берік Жапарұлы Жамалбеков 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келді. Білімі бойынша – құқықтанушы, құқықтану магистрі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, РФ Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірді.

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 24 жылды құрайды. Еңбек жолын 1994 жылы «АлматыКультБытстрой» АҚ тауартанушы болып бастады.

1998 жылғы желтоқсаннан бастап 2010 жылғы қыркүйекке дейін Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық басқармасында салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, бас маман – бас салық инспекторы, маман – салық инспекторы, бөлім бастығы болып жұмыс жасады.

2010 жылғы қыркүйектен бастап 2011 жылғы қыркүйекке дейін Алматы қаласы бойынша Салық департаменті Мәжбүрлеп өндіру басқармасы және Салық аудиті басқармасы бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды.

2011 жылғы қыркүйектен бастап 2013 жылғы тамызға дейін Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Салық басқармасында бөлім бастығы, бөлім басшысы болып жұмыс жасады.

2013 жылғы тамыздан бастап 2014 жылғы қарашаға дейін Алматы қаласы бойынша Салық департаменті ҚҚС әкімшілендіру бөлімінің басшысы, Акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы болып жұмыс жасады.

2014 жылғы қарашадан бастап 2021 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Бостандық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы акциздерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы, басшының орынбасары, Алатау және Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының басшысы болып жұмыс жасады.

2021 жылғы маусымнан бастап ҚР ҚМ МКК Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

Өзгелердің жаңалығы