Жамбылда газ құю станциясы өртенді

5 Қаңтар 2020, 23:22
2710
Бөлісу:
Жамбылда газ құю станциясы өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Мерке ауданындағы "Казгазтрейд" ЖШС газ құю станциясы аумағында өрт болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінен хабарлады. 

5 қаңтар күні сағат 19:26 Мерке ауданындағы Ақтоған ауылынан 3 шақырым жердегі "Казгазтрейд" ЖШС газ құю станция аумағынан өрт шықты. Автоцистернадан шыққан газдан өрт тұтанған. Шыққан жалын операторлық ғимарат пен оның қасында жапсарлас орналасқан дүкендерді шарпыған. Өрт сағат 19:56 ауыздықталып, сағат 20:33-де толық сөндірілді. Жалпы ауданы 70 шаршы метр аумақ өртенген. Өрттен ешкім зардап шекпеген, - делінген ведомствоның хабарламасында. 

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт қауіпсіздікті сақтамау салдарынан болған. Оқиғаның басқа да себептері анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы