Жамбылда бұзақылар полицейдің көлігін тартып алған

13 Қазан 2020, 07:17
1517
Бөлісу:
Жамбылда бұзақылар полицейдің көлігін тартып алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында бұзақылар полицейді сабап кетті. Оқиға Шу қаласында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, кешкі сап түзеуден қайтып бара жатқан тәртіп сақшысы Қонаев көшесінің бойында жол үстінде тұрған адамдарды көреді. Бірнеше мәрте дабыл белгісімен ескерту жасайды.

Алайда, ішімдік ішіп алған бір топ жігіт тәртіп сақшысын елемеген. Олар полицейге күш қолданып, қызметтік көлігін тартып алып кеткен.

Күдіктілер жедел іздестіріліп, ұсталды. Олар 30 жас шамасындағы Шу қаласының тұрғындары екен.

Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Олардың ешқайсысы бұрын істі болмаған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл әрекеті үшін олар 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деді Шу аудандық полиция бөлімінің бастығы Мақсат Жаманқұлов. 

Өзгелердің жаңалығы