Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысы бойынша 2018 жылдың қорытындысыны сәйкес 7 194 науқас қатерлі ісікпен есепте тұрады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері Абай Нұржанов мәлімдеді.
«Жамбыл облысы бойынша 2018 жылдың қорытындысы бойынша 7 194 науқас қатерлі ісікпен есепте тұрады. Осы жыл бойынша катерлі ісікпен алғашқы рет анықталған науқастар саны 1 582, ауруға шалдығу көрсеткіші 141,2 құрады. Өлім көрсеткішіне келсек, облыс бойынша 2018 жылы 813 науқас қайтыс болып, өлім көрсеткіші 100,0 мың адамға шаққанда 72,5 құрады,. Айта кету керек, 2017 жылы 950 адам көз жұмып, өлім көрсеткіші 85,1 құраған болатын», - деді бас дәрігер.Ол өлім көрсеткішінің төмендегені катерлі ісікті ерте анықтау, уақтылы емдеу бойынша жұмыстар жақсарғанын білдіретінін айтты.
«Өткен 2018 жылы өңірімізде қатерлі ісікпен алғашқы рет ауырған 1 582 адамның 59,5% сырқаттың I және II сатысында екені анықталды. Бұл осы науқастар қажетті емді уақтылы алса, жазылып кету мүмкіндігі жоғары деген сөз. Жалпы, қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім көрсеткішін төмендету үшін ауруды алдын алу және ауруды ерте сатыда анықтау қажет. Статистикаға жүгінсек, облыста 2018 жылы обыр ауруының үлес салмағы бойынша сүт безі қатерлі ісігі бірінші орынға шыққан. Нақтырақ айтсақ, 12,3% құрап отыр. Екінші орында 11,5% өкпенің қатерлі ісігі, тері қатерлі ісігі - 8,8%, асқазан қатерлі ісігі - 8,8%, өңеш қатерлі ісігі -5%, жатыр мойны қатерлі ісігі - 4,1%», - деді Нұржанов.
Оның айтуынша, қатерлі ісікті ерте I сатысында анықтау үлес салмағы 2018 жылы 20,5% құрады. Бұл дерттің көзге көрінетін түрінің III-IY сатысында асқыну көрсеткіші 2018 жылы 7,0% жеткен.
«Онкологиялық аурумен есепте тұрған науқастардың 5 жыл және одан да ұзақ өмір сүру көрсеткіші 2018 жылы 44,8% құрады. Жамбылдықтарға облыс орталығында 135 орынға арналған облыстық онкологиялық диспансер және емханалар құрамындағы 20 онкологиялық, 21 маммологиялық кабинет қажетті медициналық қызмет көрсетуде», - деді бас дәрігер.
Нұржановтың пікірнше, нысаналы топтағы тұрғындарды скринингтік тексеруден өткізу қатерлі ісікті анықтаудың бірден-бір жолы болып табылады. Қазіргі таңда сүт безі, жатыр мойны және тоқ ішек, тік ішек қатерлі ісігін ерте анықтау масатында скринингтік тексерулер жалғастырылуда.
«Мәселен, 2018 жылы 44 191 әйел сүт безі обырын анықтайтын скрининг тексеруден өткізілді. Тексеру барыснда 72 әйелден сут безі қатерлі ісігі аныталды, оның ішінде I сатысындағы - 16, II сатысындағы - 56. Дерт неғұрлым алғашқы сатыларда анықталса, емдеу нәтижесі жоғары болады. Онкологиялық скрининг барысында скринингтік тексеруге тек емхана жауапты болмауы керек», - деді диспансердің бас дәрігері.